Абай Қалшабек

Асыл сөз


Қаламды жүрекке, жүректі ақиқатқа малып ап жазу керек.



Өмір-асау дария. Адамның дарияға жіберілгендегі мақсаты ағыспен ағу емес, жағаны табу.



Тілдің ұшы мен жүректің ішін шатастырмайық.



«Әңгіме жазуға шамам келмей, амалсыз роман жазудамын» деген сөзде шындық жатыр. Қысқа-нұсқалап жазу-шын таланттың ісі. Ойдан құралған том-том өтіріктердің дәуірі өтті. Енді шындықты алтын арқау қылған әдебиеттің кезі келді.



Бықсып өмір сүрген адамнан жанып тұрған өлең шықпайды.



Сөз майын тамызып жазудың бір шарты-кез майын тауыса іздену.



Шындықты білетіндер көп, мойындайтындар аз, онымен өмір сүретіндер санаулы.



Жүректің ішінен шыққанды қолдың ұшымен жөндеуге болмайтынын неге ұқпайды осылар.



Оқырманның жетегінде кетсе, ақынның өлгені, тыңдаушының жетегіне ерсе, әншінің өлгені. Өнер жетекке ермеу керек, керісінше жетелеу керек.



Жүректің тоқтап қалуынан да қауіпті нәрсе-жүрек ішіндеге өмірдің тоқтап қалуы дүр.



Адамның нағыз өмірі жүрек ішінде жүріп жатады. Жүрегі былғанған адамнан таза өмір үлгісін іздеу бос әурешілік.



Ақын мақтау естігенде жараланады, мақтанға сенгенде, өледі.



Мақтау, көпірту бар, даттау, қаралау да бар. Тәкенше талдау, Жүсіпбекше жіліктеу қайда?



Жан сақтау оңай, ар сақтау қиын.



Ақиқат-Айдан анық, Күннен жарық,
Көре алмас жүрек көзі соқыр ғаріп.