Лебіз
«Томаға тұйық» жанды тану үшін, оның жүрегіне терең бойлау керек. Оның рухани күшінде тарпаң бір мінез барын, оны жүрегінің ішінде өртеніп жүргендер түсінетінін, асаулар ғана түсінетінін һәм Алланың құлдары ғана түсінетінін біз білуіміз керек, сезіне білуіміз қажет. Мына жалғанда кейде желігіп, кейде жерініп жүріп, кез келген пенденің фәниден жалаң бір қабат жейдемен кететінін бар жан-тәнімен сезген ақын ақыры – «Бұл дүниенің шындығы – жалғандығы» деген шешімге тоқтайды.
Әзімхан Исабек
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу
орталығының бас маманы, магистр