Ақжол Қалшабек

Асыл сөз


Дүние – тамақ, оның тұзы – иман.



Дәрет алдым – үстіме болат сауыт-сайман кидім, намаз оқыдым – алтын мұнаралы қорған ішіне кірдім.



Көп жеген құмшекер уға айналады.



Бұл кісі көгілдір экранның ішінде –  таус, ал, сыртында – қарға.



Өлер кезде ол Құдайды қатты іздеді.



Алгебрамен  атқорада жүр, тригонометриямен тезек теріп жүр.



Ақмешіт пен Қызылорданың, Қызылжар мен Петропавлдың, Кереку мен Павлодардың  арасы тым алыс.



Тезек ішінде боқ илеп жүрген қоңыз гүлдердің арасында шырын жинап жүрген әсел араның не істеп жүргенін қайдан білсін?!



Дін – апиын... (К.Маркс). Жоқ, олай емес: дін – бал, дін – жұпар иісті әтір, дін – рух!



Әйел – қамыр, еркек – тандыр.



Ақиқат – цемент, өтірік – құм.



Той тойлап жүріп-ақ «Толстой болмақтан» дәмелі.



«Жүзшіл» адам миллиондарды не қылсын? «Рушыл» адамға республика не керек?



Арам аспен өзін әбден семіртті.



Құлқайыр жеген қойдай, сүзбе жеген қыздай.



Адамнан ескерткіш қымбат болған заман.



Қанша ызыңдап ұшқанмен, қоңыздан бәрібір космонавт шықпайды, өйткені: қалам ұстағанның бәрі Абай, пагон таққанның бәрі Бауыржан емес, саяхатқа шыққанның бәрі Шоқан, аспанға ұшқанның бәрі Армстронг болмайды, яки бала оқытқанның бәрі Алтынсарин, күрескеннің бәрі Қажымұқан боп кетпейді. Ия...



Өмір – ойын. Бірақ көп адамдар оның ережесін білмейді.



Жұлдыздар аспанда жарқырап тұр, ал, адамдар мұрнымен жер сүзіп жүр.



- Сүйікті әншіңіз?
- Құрбақа мен шегіртке.
- Сіз ұнататын автор?
- Қалам
- Сүйікті кітабыңыз?
- Лаухул-Махфуз.



1  2  3