Асыл сөз
Наурыз мерекесін өткізуде оның тәрбиелік мәніне, табиғатты аялап күтуге, жас ұрпақты табиғатпен етене жақындасуға мән беріп, салт-дәстүрлерімізді, ұлттық ойындарды қайта жаңғыртуды қолға алып, оның мазмұнын арттыруға көңіл бөлейік...
Дәулет қарт ұлдарының өлгеніне көп уақытқа дейін сенбей жүріпті. «Қолымнан кебін киіп кеткен жоқ. Бір жерде тірі жүрген болар» деп үміттенумен болады. Алайда 1945 жылы аудандық әскери комиссариат ортаншы ұлы Тұрлыбектің қазасын естігенде барып, күдер үзе бастайды. Сол жолы ол «Егілген» атты күй шығарып, ауылдастарының көңілін босатып еді. Тыңдап отырып, сұм соғысқа лағнет айтасың. Дәулет қарт кезінде, осы аймақтың танымал күйшісі болған...