Көшкінбай Елікбаев

Өмірдерек


Елікбаев Көшкінбай 1941 жылы ОҚО, Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылында туылған. 1959 жылы Совет орта мектебін үздік бітірген. 1959-1961 жылдары «Совет» ұжымшарында сүт – товарлы фермасында бақташы болып жұмыс істеген. Шаруашылық басқармасының жолдамасымен 1961 жылы Шымкент педагогикалық институтының тарих-филология факультетіне түсіп, 1965 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді. 1965 жылы Сарыағаш ауданы Лермонтов атындағы орта мектепте мұғалім болудан бастап, 1967-1968 жылдары Сарағаш аудандық «Қызыл ту» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. 1968-1974 жылдары Төлеби ауданындағы Қаратөбе орта мектебінде мұғалім. 1974-1992 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, одан бері осы мектепте мұғалім болып істеп келеді. Н.К.Крупская атындағы сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы, Оңтүстік Қазақстан облысының құрмет грамотасына ие болған. Жоғары дәрежелі мұғалім. Қаратөбе ауылының тұрғыны. 1994 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.