Ақбота Бейбітбек

Өмірдерек


Ақбота Батырбекқызы Бейбітбек – қазақстандық поэзия ақыны, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Өмірбаяны: 1994 жылы 8 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Түркістан қаласындағы Сәкен Сейфулин атындағы №4 мектеп-лицейінде білім алған.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің филология факультетін тамамдаған. Өлеңдері облыстық, республикалық басылым беттерінде жарық көрген. Бірнеше облыстық мүшәйраларының жеңімпазы. Білім алған университеттің «Әуезов шайыры» атағын иемденген. «Түркістан түлектері» жас ақындар жинағына бір топ өлеңдері енген. «Көңіл күйсандығы» жыр жинағының авторы.
2011 жылдан бері шығармашылықпен айналысады.

Марапаттары: 2014 жылы «Әуезов шайыры» атты жыр мүшәйрасында бас жүлдені иеленді. 2016 жылы өткен «Шам жарығындағы кездесу» поэтикалық дуэльінің бірінші орын иегері.
2015 жылы «Білесің бе өлеңнің жүрегінде, қазақ деген аяулы ел жатқанын?» атты Әбілдә Аймақты еске алуға арналған мүшәйрада бас жүлдені иеленді.
2021 жылы «Қазақиям – азат ұям тәуелсіздігміздің 30 жылдығына арналған жыр мүшайрасында 3 – орынды иеленген.
2021 жылы дәстүрлі қала әкімнің 29 жасқа дейінгі «Үздік жастар» премиясының «Үздік ақын» номинациясының иегері.