Өмірдерек
Мұрат БЕКЕЙ 1958 жылы 30 қыркүйекте Қарақалпақстанның Беруни ауданында дүниеге келген. А.С. Макаренко атындағы қазақ мектебінде оқыған. 1975 жылы бітірген.
1975-1980 жылдары Нөкіс мемлекеттік университетінің орыс тілі және әдебиет факультетін бітірген.
Ташкент мемлекеттік университетінде аспирантура оқыған. Ғылыми еңбек тақырыбы Орыс және қарақалпақ әдеби байланыстары. 1994 жылға дейін Қарақалпақ мектептерінде орыс тілінен сабақ берген. Университетті қызыл дипломға бітірген. 1994 жылы. Сарыағашқа көшіп келіп Ташкентте жұмыс істеген.
2001 жылға дейін «Нұрлы жол» газетінде Өзбекстан Республикасы Қазақ ұлттық мәдени орталығының кеңесшісі, халықаралық «Қазақ елі» газетінде Өзбекстанның меншікті тілшісі, 2001 жылдың қаңтарынан Сарыағаш газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, арасында «Уақыт» газеттерінің аудандағы меншікті тілшісі болған. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі. «Арман сапары», «Махаббат мекені», «Аруана-ғұмыр», «Әулиелер әлемі», Әкім Ысқақпен бірге жазған «Бәйтерек түбіндегі сырласу» кітаптарының авторы. «Арман сапары» атты поэмасы Төлеген Айбергенов жайлы естеліктер жинағына енген. «Жұмекен Жұмбағы» немесе «ХХ ғасыр шындығы» атты поэма Жұмекен Нәжімеденов жайлы естеліктер жинағына енген. Сарыағаштағы Төлеген Айбергенов атындағы әдеби бірлестіктің жетекшісі. Осы бірлестік «Сарыағашым-сырлы өлкем» атты жинағын құрастырып шығарған.
2004 жылдан бастап аудан тарихы, тұлғалары, этнонимдері, т.б. материалдарды жинақтап, 500 бетке жақын Сарыағаш ауданының энциклопедиясын дайындады. Қазір баспада.
1997 жылы Алматыда Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына арналған мүшайра жүлдегері. Сол мүшарада Әуезов бейнеленген ескерткіш белгі алған. 1999 жылы Астанада өткен шетелдерде тұратын қазақ ақындары мүшейрасының жүлдегері болған. Мұқағали Мақатаев энциклопедиясына енген. Былтыр облыс шығарған «Тәуелсіздік тебіреністері» кітабына өлеңдері енген. 2004 жылғы облыс әкімінің стипендиаты. Білім және ғылым министрлігі Құрмет Грамотасы, Қазақстан Конституциясының 25 жылдығы медалімен, Нұрсұлтан Назарбаевтың екі Алғыс хаты, Журналистер одағының Юрий Кунгузцев атындағы сыйлығымен марапатталған.