Мұрат Бекей

Лебіз


       Мұрат Бекейұлы – Қазақстан оқырмандарына өзінің шынайы поэзиясымен жақсы таныс. Оның «Арман сапар», «Аққу арман», «Әмір Темір», «Атай Мұхтар», т.б. поэмалары, өлеңдері табиғи таланттың қаламынан туған құнарлы шығармалар.
       Мұрат Бекейұлының туындылары халықтарды бауырмалдыққа, достыққа, татулыққа баулитын қасиетімен құнды.
       Түркі тілдес халықтарға, басқа да ұлттар мен ұлыстарға қазіргі заманда да, болашақта да керекті рухани байлық. Мұрат поэзиясы осы байлыққа қосылатын мөлдір бұлақ.

Шерхан Мұртаза



       Өзбекстанда тұратын қазақ ақындары ішінде Мұрат Бекейдің шығармашылығы ерекшеленіп тұрады. Оның поэзиясы Қазақстанда насихатталуын, кітаптары шығуын біз назарда ұстауымыз керек.

Қалаубек Тұрсынқұлов,
Қазақстан Жазушылар
одағының хатшысы



       Ол-ақын. Толқындары жағаға асыққан телегей теңіз сияқты қашан да терең ойдың құшағында жүреді. Іштегі жыр бұлқынысының әсері ме, әрдайым өлең боп сөйлейді. Жүрегіндегі сағыныш пен азаматтық үнді жеткізуге асық.

Әкім Ысқақ



       Сарыағаш топырағында түлеген мықты ақындар аз емес. Бір Төлеген Айбергеновтың өзі неге тұрады! Міне, енді Мұратым келді.

Ханбибі Есенқарақызы



       Сөздің сөлін, ақындықтың ұлы мұратын бояусыз болмысымен терең сезініп жүрген Мұрат інімізге қашан да жолболсын айтып, ақ тілегімді білдіруге әзірмін.

Исраил Сапарбай



       Мен Мұрат Бекейді 1993 жылдан бері қаламы қалыптасқан ақын ретінде жақсы танимын. Өзбекстанда еліміз егемендік алған соңғы жылдарда бір топ жас қаламгерлер ерте өскен майса сияқты қаулап өсіп келеді. Солардың ішінен Мұратты ерекше бөліп атау керек сияқты.
       Оның Қазақстан баспасөзінде жарияланып жүрген жеткізе жырлайтын, философиялық тұжырымдарының тереңдігі.
       Архивімді ақтарып отырсам бір үлкен көк дәптеріме жазылған Мұраттың мына өлеңін тауып алдым. 90-жылдардың ортасында Мұрат Қарақалпақстаннан Сарыағашқа Төлеген ағасын жоқтап келгендей жетті. Баспана сатып аларда қаржыдан қиналды... Екеуміз танысып, тез достасып кеттік. Газетте бірге жұмыс істеп жүргенімізде жұбымыз ажырамайтын. Әріптестеріміз бізді «Дон Кихот пен Санчо Панчо» дейтін қалжыңдап.

Қадыр Мырза Әлі



       Мұратты алғаш ташкентте көрдім. Сондағы «Нұрлы жол» атты қазақ газетінде істеп жүр екен. Біз бір топ ақын-жазушы жолаушылап барғанбыз. Тұманбай ағамыз Мұрат інісін көрген бойда: «Астапыралла, Мұқағали қайта тіріліп келген бе, мына бала тура Мұқағалидың өзі ғой!» ден таңданбасы барма. Бәріміз де Мұратқа қайта қарай қалғанбыз. Ұзынтұра, сүйекті, ірі жігіт шынында да Мұқағалидің жігіт кезін айнымай еске түсіреді екен.
       Таныса, білісе келе Мұраттың тек сыртқы пішіні ғана емес, ішкі ақындық иірімі де, мінез-құлқы да, кесектігі де айтулы ақынды меже тұтқандай әсер қалдырды. Осы кездесуімде ол өлең оқыды. Ойға, толғанысқа құрылған өлеңдер кең құлашты, кербез шабысты бір ақынның дүниеге келе жатқанын аңғартқандай еді. Қателеспеппіз. Қазақ баспасөзінде жарияланып жүрген өлең топтамалары мен толғау, поэмалары өрнек-бедерімен көңіл аулап, назарға ілікті. Олардың ішінде, әсіресе, «Арман сапар», «Әмір Темір», « Абай-Мұхтар», «Аққу-арман» поэмалары Мұраттың ел есінде оз жолын еркін байқатқан дүние екендігі сөзсіз.
       Алыста жүрген ақынның Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерекесіне арналған жазба мүшайрада жүлдегер аспанында жүргені кездейсоқтық емес. Сөздің сөлін, ақындықтың ұлы мұратын бояусыз болмысымен терең сезініп жүрген Мұрат інімізге қашан да жолболсын айтып, ақ тілегімді білдіруге әзірмін.

Исраил Сапарбай