Айыпберген Балтабаев

Өмірдерек


Балтабаев Айыпберген Балтабайұлы /Айып Нұр/, 1950 жылдың 19 тамызында Оңтүстік қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент (бұрыңғы Ильич) кентінде шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Балтабай 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, анасы Орынша шаруа адамы болған.
1957-1967 жылдары Атакент кентіндегі Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектепте оқып, үздік бітірген. 1967-1973 жылдары Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық институтында оқып, өндірістік азаматтық құрылыс мамандығы бойынша инженерлік жоғары білімге ие болған.
1973-1974 жылдары Жетісай қаласындағы «Қазголстепводстрой» тресіне қарасты «СМУ-15» құрылыс басқармасында инженер, 1974 жылдың бірінші жартысында және 1980-1981 жылдары «Жетісайқұрылыс» тресінің «ПМК-308», «ПМК-302» мекемелерінде аға инженер, бас инженер қызметтерін атқарған.
1974-1996 жылдарда Мақтаарал ауданының Ленин орденді «Мақтаарал» кеңшарында инженер, прораб, күрделі құрылыс бөлімінің бас инженері қызметтерін атқарған. Осы жылдары Атакент кенті мен «Мақтаарал» кеңшарының орталығы мен сегіз бөлімшелеріндегі елді мекендерде Аэропорт, ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын коледж – 1000 орындық, мәдениет сарайы, 4 орта мектеп – 3200 орын, 4 балабақша – 840 орын, сауда орталығы, аудандық аурухана, орталық дәріхана, орталық мешіт – 1200 орын, 1000-нан астам үйлер мен пәтерлер және де көптеген өндіріс орындары салынды.
1989-1994 жылдары Мақтаарал аудандық атқару комитетінің халық қалаулысы-депутаты болып сайланған.
1996-1998 жылдары Атакент кентінің әкімі қызметін атқарған. 1998 жылы Ильич кенті, Атакент кенті болып жаңа атауына ие болды.
1999 жылдан бері «Айып Нұр» шаруа қожалығының торағасы, 2004 жылдан «Сырдария» университетінің қоғамдық жүйедегі атқарушы директоры болып қызмет атқарып келеді. 2000 жылдан бері Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қоғамдық қордың Мақтаарал аудандық филиалының директоры.
2020 жылы Өзбекстан Республикасының «Сардоба» су қоймасының апатқа ұшырауына байланысты Мақтарал ауданының 5 елді мекені су астында қалған болатын. Сол зардап шеккен отбасыларына 386 тұрғын үй салуға ат салысқан.
1998 жылдан бастап әдеби шығармашылықпен және ғылыми-іздену жұмыстарымен айналысып келеді. «Жүрек жылуы», «Назеркем», «Ғашықтар әні», «Уа, Дариға-ай!», «Алтын бесік», «Туған жер», «Мектебім менің, мектебім», «Сағыныш сазы», «Жұлдызды ғұмыр», «Біздің Димекен», «Оңтүстік Әділханы», «Алтын қолды хирург», «Тағдыр», «Жан жылуы», «Сырласу мен мұндасу», «Бақыт жолында», кітаптары мен «Бес томдық таңдамалы шығармалар жинағы» жарық көрген.
Халқымызға белгілі ақын-жырау «Қайыпназар Әйтпенов ақынның өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында 2004-2010 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазып берген. Абыз ақынның «Аталы сөз» кітабын редакциялаған. 2004 жылы заңгерлік, 2009 жылы филологиялық қосымша жоғары мамандыққа ие болған.
2009 жылы, дүние жүзіне әйгілі, неміс халқының ұлы философ ақын-жазушысы Иоганн Вольфганг Гетенің жүзден аса өлең-жырлары мен «Рейнеке түлкі» дастанын қазақ тіліне аударған. «Кездесу мен қоштасу» деген атты кітабы жарық көрген.
Шығармашылық кездесулер 2003, 2006, 2009 жылдары Жетісай қаласындағы «Жастар сарайында», 2007, 2010, 2013 жылдары Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин, Абай Құнанбаев, М.О.Әуезов атындағы әмбебап кітапханаларында, Ш.Қалдаяқов атындағы филармониясында, 2010, 2017 жылдары Астана қаласындағы Ұлттық академиялық әмбебап-ғылыми кітапханасында және де 2019 жылы Алматы қаласындағы Ұлттық академиялық ғылыми кітапханасында «Ұлы дала перзенті» бес томдық тандамалы щығармалар жинағының шығармашылық кеші өткен. 2011, 2016 жылдары Егемен Қазақстан Республикасының 20 және 25 жылдығына байланысты «Туған жерге тағзым» атты акция ұйымдастырылып, еліміздің мектептерінде, жоғарғы және арнайы оқу орындарында 2011 жылы – 20 кездесу, 2016 жылы – 25 кездесу өткізген.
2017 жылы әлемге әйгілі шығыстың ғұлама философ ақыны Омар Хайямның 294 рубаиатнамысын, 2018-2019 жылдары орыстың ұлы ақындары А.С.Пушкиннің 56 өленің, М.Ю.Лермонтовтың 28 өленің, И.И.Переверзиннің 107 өленің, Дағыстанның ақыны, құмық қызы Гүлбағдат Омарованың 21 өленің қазақ тіліне аударған. 2019 жылы бес томдық «Ұлы дала перзенті» таңдамалы шығармалары жарық көрген, Алматыдағы ұлттық кітапханасында тұсаукесері өткен.
Бүкіл одақтық Халықтар Жетістіктері Көрмесінің (ВДНХ) алтын медалінің, «Алпамыс батыр», «Әйтеке би», «Д.А.Қонаев», «Нәзір Төреқұлов», «Сұлтанбек Қожанов», «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздігі түлегі», «Мақтаарал ауданына 90 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына – 25 жыл» Мерекелік медальдерінің игері. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты, Мақтаарал ауданының әкімшілігі мен мәслихатының бірнеше грамоталарымен марапатталған. Мақтаарал ауданының құрметті азаматы. Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті құрылысшысы.
Отбасында, жұбайы Назира Жаппарқызы екеуі бүгінде бес ұл-қыздары мен сегіз немере өсіріп отыр. Үлкен қыздары: Шолпан доктор PhQ, Астана қаласында дәрігер, Алмаз – мемлекеттік қызметкер, Балым – Жамбыл қаласында дәрігер. Айгерім – Шымкент қаласы прокуратурасының Басқарма прокуроры, Сәкен – Түркістан облыс прокуратурасының басқарма прокуроры.