Айыпберген Балтабаев

Лебіз


Біріншіден, Айып Нұрдың тілі өте бай, екіншіден, өзіндік ақындық мәнері афоризмдерді, рубаиларды туындатуға икемділікті байқатады. Оны оқып отырғанда бір кездегі Фирдоуси, Рудаки, Мақтымқұлыны, жалпы мұсылман тарихындағы әйгілі інжу-маржан шығармаларды, хадистердің бәрін меңгергенін аңғарасыз.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ



Айып Нұрдың шығармаларын оқып отырған кезде осы сезімдер бой билейді. Ол өзінің туған өлкесін, Қазақстанның барлық даласын, Алатауы мен Қаратауын, Қазығұрты мен Ұлытауын бәрін түгел қосып жырлайды. Сырдарияның бойында туса да сонау Алтайды, Сарыарқаны сағына сарынға қосады. Және де сұлуларды, перизаттарды жырлайды. Адамның ішкі болмысын суреттеуге ұмтылады.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ