Дәурен Айманбет

Өмірдерек


Дәурен Айманбет 1984 жылы 2 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген. Алматы экономикалық университетінің түлегі. Мамандығы – қаржыгер. Отбасылы.
Республикалық, облыстық біраз жыр додаларының жеңімпазы. 2015 жылдың ОҚО «Жылдың үздік ақыны», 2016 жылы «Алтын қалам» номинацияларының иегері. М.Мақатаев атындағы мүшайраның, «Шұбайқызыл», «Мен жастарға сенемін», «Тәуелсіздікке-25 жыл», Президент күніне орай ұйымдастырылған, Ә.Аймақ атындағы мүшәйралар жүлдегері. 2021 жылы Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты.
Өлеңдері «Тәуелсіздік тебіреністері», «Оңтүстік орамдары», «Жастық – жалын жыр» т.б.ұжымдық жыр жинақтарына енген. «Сары жапырақ – сарғайған жүрек», «Аяулы адам», «Аялдама» атты жыр жинақтарының авторы.