Аймақ Әбілда

Асыл сөз


«Қап-қара бұлт құшақтап көтеріп кетіп,
Қанатын жайып қоныпты жасынға өлеңім».



Ақын-жазушылардың әдебиеттегі орны Қазақстан Жазушылар Одағына өтуімен өлшенбейді. Тіпті олардың қазақ әдебиетіндегі орны наградалармен де, басқалай марапаттармен де өлшенбейді. Қай ақын-жазушының болсын әдебиеттегі орны ең алдымен оның талантымен өлшенеді.

Ауыз әдебиеті – бүкіл өмірімнің азығы.



«Шәмшінің сағынышындағы» бір ерекшелік өмірді ойлы өлеңдерімен өрнектеген ақиық ақын – жазушылар – Төлеген Айбергенов, Жұмекен Нәжімеденов, Мұхтар Шаханов, Қалаубек Тұрсынқұловтардың сазгердің үнемі қасынан табылуы, бірі ән шығарып, екіншісі оның сөзін жазып, бірлесе өнердің шыңына ұмтылғаны, біріне – бірі демеу, сүйеу бола жүріп, қазақтың қара өлеңіне қанат қақтырғаны шығармагердің шабытты шағында дүниеге келген құнды шығарма екенін паш еткендей. Тағы бір ерекшелік – әуенді элегияда кейіпкерлердің ұйқасты өлең арқылы тілдесуінде дер едік. Айтар сөз, орнықты ой, ізгі тілек, өзара қарым – қатынас, кульминациялық көрініс – бәрі-бәрі ақын Әбілда Аймақтың шұрайлы тілінің арқасында өлең шумақтарымен өрнектелуі ілкімді ізденістің, шығармашылықтың нәтижесі екені хақ.



Ұлт мәдениеті – рухымыздың темір – қазығы, алтын ордасы.



1  2