Аймақ Әбілда

Туындылары


* * *

Атыңды жаздым ақ қарға,
Үйінен шыға көрсін деп.
Асығып бара жатқанда
Аялдап көңіл бөлсін деп.

Ақ қарға сені теңгердім,
Ғарыштан келіп қонатын.
Арымдай саған сенгенмін,
Кеудемде шамдай жанатын.

Беймәлім, көрдің, көрмедің,
Нәр алғам тәтті күйден мен.
Қасыма сен де келмедің,
Баруға мен де именгем.

Балалық шақта кез кеппін,
Ыстық-ақ еді мекенің.
Атыңның сонда сезбеппін
Ақ қармен еріп кетерін.