Момбек Әбдәкімұлы

Өмірдерек


Жазушы, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлы – 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылында туылған. Көкшетау университетінің қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітірген. Ол 1980 жылдан журналистика саласында еңбек еткен, кейіннен үлкен шығармашылықпен айналысып жүрген кәсіпқой қаламгер. «Фосфор үшін», «Қорғасын», «Оңтүстік Қазақстан», «Қызық газет», «Замана» газеттерінде тілші, «Уақыт», «Базар жаңалықтары», «Жаңалық» газеттерінде бас редактор болған. ОҚО аумағында тарихи тақырыпқа қалам тартып жүрген бірден-бір жазушы,тарихшы. Момбек Әбдәкімұлы республикалық, облыстық газет-журналдар ұйымдастырған бірнеше шығармашылық конкурстардың жүлдегері, Жазушылар және Журналистер одақтарының лауреаты.
2015 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Алаш тарихының ақиқаты» деген атпен ұйымдастырған жабық бәйгеде бірінші орынды иеленген. 2007 жылдың Ең үздік жазушысы». 1-ші және 2-ші дәрежелі «Құрмет» «Еңбек Даңқы», «Білім шыңы» медальдарының, Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың, сондай-ақ бірнеше Алғыс хаттар мен Мақтау қағаздарының иегері. ҚР қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, ҚР мәдениет саласындағы үздігі, Ең үздік өлкетанушы, Қазақстан Журналистер және жазушылар одақтарының мүшесі, Қазақстан педагогика академиясының профессоры, Қазақстан Шежірешілер одағының төрағасы, Шымкент қалалық ақын-жазушылардың «Қаламгер» әдеби бірлестігінің төрағасы. Халықаралық зертеушілер академиясының академигі.
М.Әбдәкімұлы 2024 жылы ақпан айында Қазақстан жазушылар одағының Шымкент қаласы өкілдігінің басшысы болып тағайындалды.