Туындылары
АСЫЛ АРМАН
Өмір деген өзгеретін тіршілік,
Отбасына ұл, қыз келсе – құлшылық,
Жастық шақта арыз өткіз арманға,
Қартайғанда жүрмеу үшін күрсініп.
Өмір алау, жанып – жанып өшетін,
Асылдар да, арулар да көшетін.
Бұл фәниде ең құндысы пендеге,
Асыл арман – ақ самалдай есетін.