Эльмира Омарбекова

Туындылары


МЕН ЕКІ АДАММЫН


Мен екі адаммын – бірі жаман, бірі жақсы
Қайсыңдамын байқап көрші, өзің тапшы.
Жаным жүдеп жабығып отырғанда,
Менің күткен күндерім есік қақшы.

Екеу болу – бөліну, сынса бұтақ жан беру,
Құлап жатса қарт, сәби бірге құлау, сүріну
Айға қарап, күнге қарап жарығын да бір көру
Сусыз қалған ағаштармен бірге өлу, бір сему.

Жек көремін мен өзімді ертеп кетер ермелік,
Бар айтқанға ақыл болса білмей жатып сенбілік.
Сабыр тұрып сандаламын болмай жатса болмашы
Жан қиналып өлгім келед, қанша тұрсын «өлмелік».

Досым да, жоқ жалғызбын, жалғыздық – бас семіртпес,
Ойымды да, ойым басқан, ой көтеріп жүгіртпес.
Естілмейтін естіп тұрып сөз де, басқа ондайда
Қалып қойған мұхитынан жартастаймын көз сүймес.