Туындылары
Боз өкпе демес мені жаны отсыз,
Қараусың демес мені әділетсіз.
Адамға үйір жастан жайдармын,
Күн қараң жерсіз, елсіз, әлеуметсіз,
Дана жоқ жерге-елге тауқыметсіз,
Ағасы елдің болмас қошаметсіз.
Ақ сұңқар, тұйғын текті, бүркіт көкті,
Күшіген қара қарға құста тексіз.
Мұз балақ қара шыңнан Қырымда да
Томаға кисе тыныш тұғырда да,
Жігіттің бір аңсары аңшылықта,
Заты ит тазы қарар жұрынға да.
Сөз етсе таңба түсер сүйгеніңе,
Келтірер тілмар жанды иегіңе.
Абзал жар серік аққу сыңарындай,
Ақылын өлшемеген іреңіне.
Сақылық даралығың тіпті басқа,
Сылқымсыз асыл киім кисең жаста.
Жүз шаймай, «сенге» келмей жүрсең тату,
Қадірің өтер сонда құбылысқа.
Мен біреу көңілім көл, жаным шүлен,
Қартайсаң тірі өлік кебін киген,
Тәңірім шошытпайды ол мені,
Суымас қызу қаным өлеңімнен.