Сабырбек Нұрманұлы

Туындылары


ҚОШҚАР АТА


Қошқар-ата, ақ бұлағым,
Қайда мөлдір көздерің?
Қаламыздың жақ шырағын
Өзіңде боп өз демің.

Сазыңмен сазды сарқырап,
Әуенің әсем әуелеп.
Көрінші қайта жарқырап.
Жағаңда жеміс мәуелеп.

Шелекпен ару су алып,
Сырласып қайтсын сенімен
Киелі, сиқыр ту алып
Тарихтан сонау келіп ең...
Сарқырап аққан суыңды
Жылдарың шайып өткен бе?
Дем беріп кейде буыңмен
Күрсінді Ата, көктемде.

Күрсінер Ата, жөнің бар,
Келісмек, көр көп қаптаған
Өзіңе төгіп көңін бар,
Көзіңді көміп таптаған.

Ұрандаған сөздер көп,
Ағалар құлақ аспаған,
Құдіретіңді сезген жоқ,
Бастаған, қайта тастаған.

Қазақтан шыққан Қощқар ең,
Намысын елдің қорғаған.
Ұрпаққа ұрпақ қосқан ең,
Замана сазын толғаған.

Кешір Ата, менде айып,
Аманат ақтай алмаған
Өзгеге құшақ кең жайып,
Дін, тілді жойып зарлаған.

Таусылған жоқ күніміз,
Есті жияр кез келді.
Оралып дін мен үніміз
Бағыт та оңға өзгерді.

Көз жетпесе, сөз жетер
Ағаға есті төрдегі
Намысы болса тездетер
Қазақы болса жөргегі.