Туындылары
Қалып жүр, қаға беріс қалтырыста,
Біледі әркім оны үйде, тыста.
Қашаңғы түлкі мұртын сылай берер,
Кетеді жер сыйпатып қайылыста.
Сенгенді, сүйгенді заман аға,
Ақкөңіл аңқаусың деп табалама.
Кісінің кісіліктен кетпес ақы,
Біреудің толы көңілін орталама.
Бар шығар сен де ойлан, кем-кетігін,
Дүниенің білем деме бар тетігін.
Біреуді кемсіткенін, қорлағаның,
Аяққа баса көрме адам кеңін.
Білгіштер сөйлер байқап пікір тартып,
Тұрса да бағы жанып отша шалқып.
Кең дүние саған да үй, оған да үй,
Қатты жаппа есікті келер қайтып.