Гүлнәр Өмірбек

Туындылары


ТАМЫЗ ДЕДІМ, АҢЫЗ ДЕДІМ

Тамыз дедім, аңыз дедім,
Тамыз маған қарыз дедім.
Кінәладым, өкпеледім,
Жалт бұрылдым, тағы іздедім.
Әкелдім деп үзік нұрды,
Қыркүйек кеп күліп тұрды,
Алтын алап құшағына,
Құларымды біліп тұрды.
Құлай бердім, талықсыдым,
Таң ба, кеш пе... шалыс күнім.
Сылқ – сылқ күліп, сиқырлаған,
Сол қыркүйек алыс бүгін.