Туындылары
Кез де бар ат қарлығып, ер тарығар,
Кез де бар күткен күнге көп зарығар.
Асығыс ат үстінде жолушымын,
Тап болса, тынығар жер ат шалдырар.
Кісіге жол азасы, ой азабы,
Ер қосын жүре түзеп ол шынығар.
Жол қағып, таңдай құрғап жеткенінде,
Тап болса, өз еліндей жаныңды ұғар.
Аңсайсың, сағынасың ел, жеріңді,
Уақытың азайған соң жортуылдар,
Еліңді азар етпе, ерді ығар,
Сенсіз де таңы атып, күні шығар.
Кер жолдар керуен жолы, өмір жолы,
Қызық та, қиындық та тоқайласар.
Қызық қой тірлігінде тіршілігінің,
Бірі пәс, бірі биік, бірі заңғар.
Түйткілсіп ішке сақтап бүгілмедім,
Сараптар, түбін ойлар аңғарлылар.
Кетесің тұңғиыққа бойлай алмай,
Түскенде естен шыққан қайдағылар,
Таусылмас жолушыға жол қысқармас,
Сарқылып бітпес екен арман, ойлар,
Биікті мен шықпаған жалғастырар,
Жас ұрпақ жыр да жырлар, той да тойлар.