Сәрсен Бек Сахабат

Туындылары


БАЙТАҒЫМ


Басылды ыстық күйдірген,
Тағы бір күнім ұзады.
Сүріндіргін де сүйдірген,
Тәтті екен тірлік дұзағы

Самалы бойда шымырлап,
Алшаңдай басты қараңғы.
Жапырақ жасыл сыбырлап,
Зорайды мүлдем қарамы.

Жамылып түнді қаракөк,
Жамырап жұлдыз барады.
Желпінем туған далам деп,
Бір ұлым десең жарады.

Көзімнің ағы-қарасы,
өзің деп сірә айтамын.
Аспан мен жердің арсы,
Қазақстаным, байтағым.