Гүлнәр Өмірбек

Туындылары


А.В. КОЛЬЦОВ

«Киелім» деп әруаққа бас ұрдым,
Сақташы деп қатал тағдыр кәрінен.
Дауылдардан – жауындардан жасырғын,
Сақта мені талайымның бәрінен.

Пендем ғой деп, түкке алғысыз мүсәпір,
Рухың жебеп, себер сенім сәулесін?
Сабыр берші, төзімдердің күші артып,
Тәрк етермін жалған дүние әуресін.

Мүсіркемедің! Мінажатты күйінген,
Құйындатып түн түнегі талады.
Тозақ жалған... енді түкке сүйінбен,
Жоғалды үнсіз жан тілеуі жаралы.

Жоқшылықта сөнем бе әлде осылай,
Тойынбадым, артты өмір тек азабын?
Арманыма тілегім кеп қосылмай,
Қанып жұтпай көктем демін, ғажабын.