Туындылары
ӘКЕМ ЖҰМСАҚ ЖҮРЕГІНЕН НЕ ТАПТЫ
Әкем жұмсақ жүрегінен не тапты,
Жүрегінен сөйлетті досты қатты.
Обал – сауап көп көрді наннан жатқан,
Тоқ баланың мастығы жанға батты.
Үлкен-кішіні құрдас ғып ойын тапты,
Өтірікті ақырын мойындатты.
Қасапшы боп көрмеді малды сойып,
Жаны ашитын мал-жанға өте қатты.
Жоғалтқан бар бауырын тапты іздеп,
Анасын көп аялады, көп құрметтеп.
Балажан боп өсірді бар баласын,
Жетім көрсе әлі де мәпелемек.
Аяуды көп бөлетін жаны нәзік,
Айта алмаудан жататын айыпталып.
Жанашырлық танытса бар жаранға,
Өмірдегі ол үшін осы бақыт!