Сабырбек Нұрманұлы

Туындылары


МҰҚАҒАЛИ


Өлең сөзден ешкімге дес бермеген,
Қара жорғак – қара өлең төске өрлеген,
Кейбіреулер сөзіңді хош көрмеген,
Сен тіріде қазекең ескірмеген.

Ақын едің ақ пейіл, аңқылдаған,
Сақтап өттің қазақы салтыңды аман,
Өзің болып жырларың бұл күндері,
Найзағайдай от шашып жарқылдаған.

Сол жарқылдан мен дағы ұшқындағам,
Аспан жақтан өлең боп түстің маған.
Еркін ұшқан қыран ең көк жүзінде,
Өзің жаққа қалықтап ұштың ба аман.

Сендік мінез мағанда ауысқан ба,
Өлең жазам ақылды тауысқанда.
Аян берген сен едің аға болып,
Іні болып екеуміз қауышқанда.

Мұқағали қазаққа көшкен десін,
Қара өлең – қара жорға төске өрлесін.
Өзің болып қалыппыз мына біздер,
Ескермесе бәз біреу, ескермесін.