Туындылары
ДҮНИЕ СҰЛУ
Керемет, дүние сұлу жаратылған,
Сүйемін, сүйем оны ар атынан.
Көлдері, шөлдері бар, тау, тасы да,
Жапырақ бар ағашқа таратылған.
Табиғат бардың аты, жанның аты,
Сай мен қыр қосылғанда жер – жанатты!
Көктем сырғып түскенде қырдан алғаш,
Еріп тұр көк мұз бенен қар қабаты.
Басталған содан әннің, жырдың басы
Сылдырап аққан суда ел жағасы.
Жүгірген балалардан жер қарайып
Бәйшешек гүлін сыйлап жолын ашты.
Мұнан да кереметтен бағын тапты
Көктем келіп махаббатты жақындатты.
Болашақпен жастық шақ қауышпақшы
Бір өмірден бір өмір жалғаспақшы.
Түн айға, ай күнге сыр ашпақшы
Тау, өзен айналаға қарамақшы.
Ақ қайыңдар жағалай бой түзеп,
Тербелгенде күн иіліп нұрын шашты.