Сабырбек Нұрманұлы

Туындылары


ЖАНЫҢ НӘЗІК


Жаның нәзік,секілді гүлі ақ таңның,
Көңіл құсын серпілтіп сыр ақтардым,
Мен қуанып қарадым қабағына,
Нұрын сеуіп бақытты шуақтардың.

Өртеніпсің өмірдің күйбеңімен,
Күн шуағын соншалық сүйгеніңмен.
Алыпсың – ау, жүзіңнің нұрын төгіп,
Сырласуды білместен үйде кіммен.

Тепкілеген кеудемді сырымды ұғын.
Шертіледі өзінне жырым бүгін.
Тәңір қолдап, Күн мен Ай куә болып,
Кезіктірді, жоқ деме Нұрым – гүлім.

Күт десең мен күтейін тағат жанып.
Тек сенімді екеуміз жоғалтпалық
Күн келеді сүйсініп, қалайықшы
Ине жіптей екеуміз сабақталып.