Туындылары
* * *
Өзің болып тиемелдім,
Сүйе бердім, сүйе бердім.
Өмірімде алғаш рет
Бір бақытты иелендім.
Қысып тұрып сені күлген,
Сүйе бердім ерініңнен.
Айырылып-ақ қалатындай
Елеңдеген елігімнен.
Сүйе бердім тамағыңнан,
Аймаладым анарыңнан.
Мейірімің шуақ шашты.
Күн шығатын қабағыңнан.
Күліп сүйдім, жылап сүйдім,
Етпетімнен құлап сүйдім,
Жүрегіме қаны қатқан
Жан жарамды сылап сүйдім.
Отқа оранып жалын денем,
Жайып салып барымды өлең,
Ерініме тиген жердің
Сүйе бердім бәрін де мен.