Туындылары
* * *
Өзің едің көңілдің шам шырағы да,
Өзің едің кірпіктің тамшылары да.
Бұл күндері сен маған жоламай жүрсің
Жан жүрегім қайғыдан жаншылады ма?
Шығармашы сөзімді теріске менің,
Таң шапағын жамылған періштем едің.
Сені ойламай бір сәтім өтпейді екен,
Сырымды да ешкіммен бөліспеп едім.
Жадыратар көктемнің самалы да – сен,
Бір мен үшін ақылды, саналы да – сен.
Шошынғанмен кей кезде қасыма келмей
Тіршілікте жүрегі жаралы да – сен!