Сабырбек Нұрманұлы

Туындылары


ЖЕТІМНІҢ ТЕРМЕСІ


Өмір өтер жалған – ай!
Әр адамға әр қалай.
Тыңдаушыны талғамай,
Шертейін жетім термесін,
Жеткізер құлақ салғаны – ай!
Жарамас жанды толғамай!

Туығаннан не пайда!?
Емізер анаң болмаса,
Елітіп емшек салмаса.
Көмейде уыз қалмаса,
Қиылып кеткен ананың
Сәбиін ешкім алмаса.

Қара су, сүт емгенім.
Сары ала су жөргегім.
Телміріп төрт бөлменің,
Қабырғасы көргенім.
Шуақ емген кемсеңдеп,
Жүзінен әр келгеннің.

Бар анадан не пайда?
Ана сүтін бермесе,
Шырқырасаң келмесе.
Сәбиге мейрім бер десе.
Деп айтқан ол анадан,
«Арам қатсын, өлмесе».