Лебіз
Қазақстаннын халық ақыны.
Әдіһам Шілтерхановқа
Көкірек соғып жүгірмей,
Тұғырда түлеп білінбей.
Тыңайып жолға шыққансыз,
Тағалы аттай сүрінбей.
Шұбалып балдай барлауың,
Қаламға ауды тандауын.
Сахараға күткен сәтімен,
Құйылды сонсоң ақ жауын.
Оңаша тартып тылсымға,
Көнбейсін ашар шыншылға,
Шәуілдір, Шаян, Қаратау,
Шабытқа кенде қылсынба?
Түйінді шешіп үлгермей,
Кім кетпей жатыр, кім келмей ?
Арғымақ Ақжал елесі,
Азынап әлі жүргендей.
Иллалла берген нәрге ие,
Даламыз толы әулие.
Көзіңнің нұрын тауысып,
Жазғаның түгел тәрбие.
Кісі боп атқа мінгенсіз,
Тәңірдің сыйын білгенсіз.
Шөпті де шертпей аялап,
Киесін ұққан сіздерсіз.
Қоғамның бағып қабағын,
Шындыққа тура қарадың.
Бүгінгі сөздің сұлтанын,
Іздесем сізден табамын.
Татып көр, барың жетеңде,
Таңдайдан дәмі кетер ме.
Әдекең әзиз айтқан сөз,
Айналды мақал - мәтелге.
Өсиет сіңген мың дарақ,
Сыбдырлап сәнмен ырғалад.
Сексенде бермек сәлемін,
Салтанатымен сырғанап.
Ізетке әр кез біз дайын,
Ілтипат гүлін бұлғайын.
Суырылып сексен тойыңды,
Алды боп жұртың жырлайын.
Бөрімін деген бөрі емес,
Шерімін деген шері емес,
Базардан қайтқан ажарлы,
Ақылмен сіздей коп емес.
Барынша адал ниетіміз,
Біздерге дұға етіңіз.
Тоқсанның аулын толтырып,
Жарқырап жүзге жетіңіз.