Туындылары
КӨМЕШ БҰЛАҚ
Бастау алып бұлқынған бұлақтардан
Аққан суың сақырап құлақ жарған
Сағындым мен кілемдей келбетіңді,
Өрнектелген гүл,жалбыз, құрақтардан.
Құс базары жататын буынды алып,
Естіледі көлдерден бүгін талып,
Құшағыңа шіркін-ай, қашан жетем,
Мейірлене ішетін суын қанып.
Қиялдаған келешек, болашағын
Өткен менің өзіңде бала шағым.
Есіңде ме, желінмен өзің тектес
Бала ақын бұлданып таласатын.
Сен – биік, мен ол кезде аласамын
Қиял – ғажап, қойнауың тола сағым.
Қайта айналып қасыма жоласа шын,
«Балалығым – Патшам» деп жол ашамын.
Табыстырар өткеннің елесімен.
Көктемімді көгерткен Көмешім ең.
Ата-апам күн салып келіп,
Мені іздеген әр қырдың төбесінен.