Зылиқа Жантасова

Өмірдерек


Жантасова Зылиха Тұрарқызы 1973 жылы 28 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Ащысай кенішінде дүниеге келген.
1991 жылы Ордабасы ауданы Төрткүл елді мекені Қызылжар орта мектебін бітірген.
1991-1992 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіндегі «Ясауитану» ғылыми зерттеу зертханасында хатшы болып істеді.
1992-1996 жылы Қ.А.Ясауи атындығы қазақ-түрік университетінің филология факультетін қызыл дипломмен аяқтады.
2004 жылы «Сағыныш», «Жанымның жаз ғұмыры» атты прозалық кітабы жарық көрді.
2019 жылы «Тағдыр биі» кітабы шықты.
2007 жылы «Қазақ дастандарындағы Шығыс әдебиеті дәстүрінің ықпалы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған.
2009 жылы әдебиеттану ғылымдарының саласы бойынша доцент атанды.
2010 –жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті қызметін атқарды.
40 ғылыми мақала мен 3 оқу-әдістемелік құралдың шығармагері.
2016 жылдан «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында ғылыми хатшы қызметінде.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу