Сарыбаев Қаныбек

Туындылары


ОТАН

Онда мен сәби едім, бесікте едім,
Тек бақыт тұрғандай ед есіп лебін.
Әкемнің сезген жоқпын, есітпедім,
Соғыста өлгендігін кесіп демін.

Жетім боп іздеп оны жоқтамадым,
Жапалық қасыреттен жоқ хабарым,
Әлемге айқайлағым келді кейде,
(Өшірген, жалындаған от па жаным?!)

Жүрсем де астанада, ауылда да,
Төгесін қамқорыққа бауырға ала,
Сондықтан бақыттымын, бақыттымын.
Сен үшін қарсы тұрам дауылға да!

Баулыдың, жетілдірдің, шынықтырдың,
Дүниенің терең сырын шын ұқтырдың.
Аналық сеніміңді ақтаймын деп
Өмірдің өр төсіне шығып тұрмын!