Сарыбаев Қаныбек

Асыл сөз


Әдеби абырой жасы келгендікі емес, нәші келгендікі ғой. Ізгі ниетін ілкі оздырып, самсап келе жатқан саңлақ жастар біздің аймақта да айтарлықтай.



Маған қара сөз жазудан өлең жазу оңай.



Әдебиет – бізге өмір сүруді үйрететін оқулық. Дұрысымызды асырмай, бұрысымызды жасырмай көрсетіп, алғы күнге айдын жол ашады. Жастар шығармаларының да негізгі идеясы – тәрбие. Болашақтың алтын нұрларын себелейді. Біреу болса да білікті дүние беру – жас авторларымыздың жарқын межесі. Ол үшін шығарманың идеясы құнды, тәрбиелік мәні өткір келуге тиіс.



Өмір мен өнер егіз, тығыз байланысты. Өмірге ілеспеген өнер өрге баспайды. Әдебиетшілеріміз өз шығармаларында бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын көтеріп, проблемалық мәселелерді шешуге атсалыспай болмайды. Әдебиет тарихына үңілсек, оның әрдайым қоғам қозғалысына игі әсерін тигізіп, келер дәуірді күні бұрын көрсетіп отырғанын білеміз. Жазамын дегенге тақырып көп. Өмірге жіті қарап, терең толғай білуге талпынайық. Ол үшін өзімізге - өзіміз жауапты қарап, шығармаларымызды шыңдай түсейік. Олпы-солпы нәрсемен оқырманымызды ренжітпейік.



Саудагердей ойлайтын базар қамын,
Күні-түні сезем бір ажал барын.
Кімге мұра, кімге нәр болады екен,
Мұңы басым, жетімек газалдарым.



Ал мен болдым, енді өлеңді өздерің жазып алыңдар.



Жұрттыкі көкте шығар, жерде шығар,
Ал менің жүрегімде табынғаным.



Мені де біреу жоқтай ма екен?



Тынысы өзің ғана жүрегімнің,
Түркістан, құшағыңа күле кірдім.



Достар – менің үлкен сатым ұшы көкке тірелген,
Биігіме жету үшін тек солармен жүрем мен!



Ақындар ауызымен от өреді,
Оңайға жүгірмейтін төтедегі.



Өмір!
Мен де бір қонағыңмын тұрақтаман,
Барымды беріп кетем – жыр ақтарам.



Мен бір дәптер жазылып әлі бітпеген
Сыңсыған сырлар табар талай жұрт менен.
Қай парақтың қай жолында білмеймін
Өмірімнің таусыларын нүктемен.



Аттың төбеліндей нағыз ақындарға қамқорлық керек-ақ. Халыққамын жеймін деп жүріп, нанын жей алмай жүргендер қаншама№! Алматылықтар ашт ан өлмейді, ауылдағылардың халі мүшкіл.


Мәтінді толық оқу



О, қызыл тіл, құдыретің соншама
Сарқылмайсың сөз жаңбырын құйып кіл,
Мынау дүние қаншама үлкен болса да
Титтей саған сыйып тұр!



Ақын – дәуір айнасы, қоғамдағы тыныс-тіршіліктің, көңіл-күйдің анық барометрі.



Әйел әлемі – біз үшін таңсық әлем. Білуге құмармыз.



Кез-келген шығарма – арнау. Табиғатқа, қызға, перзентке, Отанға, анаға, тарихқа,т.т.Тіпті, арнау өлеңнің өзінде әлеуметтік зор мәселелерді қозғап, жаңа ой, жаңа ой, жаңа тіркеме, тың түсінік әкелгеніңді байқамай қаласың дүниеге.



Өлеңіме
Сағынғанның сағын жықпас сәлем боп бар өлеңім,
Жан-жүрегін жылытатын әлем боп бар өлеңім.



Ақындарға адалдық – қағида, заң!



1  2  



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу