Сабырбек Нұрманұлы

Туындылары


ЖОЛБАРЫСЫМ


Бір киелі жолбарыс бар болатын,
Қызыл – сары нұрынан бал таматын,
Жолын кесіп өтем деп ниеттенсең,
Тапырақтап тартынар салған аттың.

Желеп – жебеп сүйгенге келеді екен,
Тегіне бір, тілегін береді екен.
Атап жібер, көрінсе құдайыңды,
Деп ақырын сыр тартар менен көкем:

- Көрінді ол жасымда жалындаған,
Құдайы деп атамдым малымды оған.
Болар бәлкім сондықтан дәулетті боп,
Тоқсан асқан көрдім мен таңымды аман.

Таңым саған жалғасып ата берер,
Кез келді, ұлым, байқаймын бата берер.
Шөберенің қолынан май жаладым,
Көмешке бар құрансыз жата ма ел.

Сенің маған көп тиді қолқабысың,
Ассын, балам, әр қашан оңға ісің.
Жырла мұның өткенін болашаққа,
Аллам қолдап жебесін, Жолбарысым!