Сабырбек Нұрманұлы

Өмірдерек


       Сабырбек Нұрманұлы 1956 жылы 24 мамырда Шымкент қаласында туған. Жастайынан Сайрам ауданындағы Көмеш бұлақтағы ата-әжесінің қолында өседі. 1963 жылы Көмеш бұлақтағы мектеп-интернаттың бірінші класына оқуға барады. 1974-76 жылдары әскер қатарында болды. Әскерден келген соң Шымкенттегі кооперативтік техникумға түсіп, оны аяқтап шыққан.
       Сабырбек Нұрманұлының алғашқы туындысы – «Жол азабы» атты шығармасы 1967 жылы баспасөз бетінде жарық көрген. Оның жырлары бірнеше ұжымдық жинақтарда жарық көрген. 1998 жылғы облыстық «Домалақ ана» атындағы жыр мүшәйрасының бас жүлдесін алған. 2001 жылы «Тәуелсіздік мерейін Ана тілімен өрейін» мүшәйрасының Сүлеймен Бақырғани атындағы арнайы жүлдесімен марапатталған.
       Әуелі өз мамандығы бойынша еңбек етіп келген ол 1993 жылы «Уақыт», «Саясат» газеттерінде қызмет істеді. 1995 жылдан бері Жазушылар одағы облыстық бөлімшесінде қоғамдық негіздегі қызметте. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ақынның «Тайқазан» атты жыр кітабы бар. Сабырбек Нұрманұлы Саттар Ерубаев атындағы әдеби сыйлықтың иегері.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу