Сабырбек Нұрманұлы

Лебіз


       Адам болмысы қандай күрделі болса, табиғаты да сондай терең тылсымдарға бай.Өмірде қым-қиғаш тартысқа түскен адамдар өлеңге жақын болатыны содан шығар. Сабырбек Нұрманұлы осындай қайшылыққа толы өмір көрген жігіт. Оның өлеңдерінің өз ережесі, өз тәртібі бар. Ал бүгінгі поэзия мұны жатсынбаса керек.
       Табиғатында ақын Сабырбек бізге алғаш келе бастағаннан бүгінгі күнге дейін поэзиядағы кездесетін қиын белестерден өтті. Оның өлеңдері, бір қарағанда өз нәрін бойына сақтаған бұлақ секілді.

Әбілда Аймақ
Қазақстан Жазушылар одағының
ОҚ облыстық бөлімшесінің төрағасы



       Ақын Сабырбек Нұрманұлының «Тайқазан» кітабындағы «Мойындау» және «Сенім» деген екі өлеңіне  американдықтар ән шығарған.  Бұл әндер   американдық «Мойындау» музыкалық тобының орындауында шырқалған.  Топтың аты осыған орай «Мойындау» деп аталған.

Л. Қалшабекқызы
«Оңтүстік Қазақстан» газеті,
16 тамыз 2011 жыл



       ...оқырмандарға еліткен, елең еткізген ақын жырлары поэзия еліне де жаңа түскен келіншек секілді өзінің әсемдігімен, сезімшілдігімен әсер етері даусыз....

Ақжол Асқарұлы
Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қызметкері,
Республикалық дәрежедегі төреші, спорт шебері,
педагогика ғылымының доценті