Сабырбек Нұрманұлы

Туындылары


ТАБИҒАТ


Мың құбылып, демде өзгерген ашық күн,
Қыз мінезді саған, ғалам, ғашықпын.
Нөсерлетіп жауын – дауыл суытқан
Мұз денемнен ыстығымды тасыттың.

Қараңғы етіп жарық күнді лезде,
Ай түйіссе тұтылатын мінез бе?!
Сыйқырыңа таң қаламын, ақ таңдай
Нұрланатын түнгі дала тым өзге

Көз жетпес де, сөзім жетпес мақтауға,
Сені көріп айналамын Қап тауға
Тіршілікте рұқсат жоқ тоқтауға,
Тек рух бер көріп, есте сақтауға.

Беу табиғат, қыздан да өткен қылығың,
Саған тәнті ғашық жанмын, құлыңмын.
Өтіп барам жұмбақ қиял әлемім,
Еш шеше алмай құпиясын сырыңның.