Малқаров Омарбай

Туындылары


Өлең кейде көктемдей

Көктемнің кейбір күні елермелі,
Аспанды дүрліктіріп жөнелгені.
Көз жасын бұлап алар ерке бұлт,
Сәбиден мінезі бар өзгермелі.
Малшыдай көктемдегі ақын терлеп,
Малындай малшылардың сен де төлдеп.
Малшыдай қыс, көктемнің дәмін татқын,
Таңдайға бірде дәмді, бірде кермек.
Көктеуге сен де көш малшы ауылдай,
Көктемде жаусын өлең ақ жауындай.
Көңілге қонсын өлең тілді үйіріп,
Диқанның торламалы қауынындай.
Өлеңде қыз мінез, наз кейде ұяң,
Ұқ ақын, нәзіктігін кеппей сияң.
Өлеңге сынық ұйқас сылтып басқан,
Түйедей аяқ ұйып, болған құян.