Ақмарал Леубаева

Шығармашылығы


Ақмарал Леубаева айтысқа 1988 жылдан қатыса бастады. Ақиық ақын М.Мақатаевтың 60 жылдығына, қоғам қайраткерлері А.Байтұрсыновтың 100 жылдығына, С.Қожановтың 150 жылдығына, Т.Рысқұловтың 100 жылдығына, ұлы Абайдың 150 жылдығына, жыр алыбы Жамбылдың 150 жылдығына арналған және батыр Б.Бейсекбаевты еске алуға арналған айтыста, Қарасай батырдың 300 жылдық және көрнекті жазушы С.Мұқановтың 100 жылдық мерейтойларына орай өткен республикалық, халықаралық айтыстарда жүлделі орындарды иеленген.
«Ақмарал» атты авторлық әндер жинағының аудиотаспасы жарыққа шықты (2004). «Қазіргі ақындар айтысының» 2 томдығына айтыстары енген (2004). Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының қолдауымен Түркия, Германия, Қытай мемлекеттерінде қазақ өнерінің насихатталуына кеңінен үлес қосты (2004).
2007 жылы «Қазақ шешендік өнерінің көркемдік-тағылымдық мәні» атты ғылыми диссертация қорғап, «филология ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесі берілді.

МАРАПАТТАРЫ

2001 жылы - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл медалі.
2006 жылы - Бәйдібек ауданының құрметті азаматы.
2007 жылы - Филология ғылымдарының кандидаты (құрметті ғылыми атағы).
2011 жылы - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл медалі.
2012 жылы - ОҚО әкімдігінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2013 жылы - ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
2016 жылы - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл медалі. «Сіз үшін...», «Ақ шынар», «Іңкəр жүрек» (2016ж) атты кітаптардың авторы.