Алдияр Бақытжан

Өмірдерек


Ақын Бақытжан Алдияр 1974 жылы 20 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының «Тұрбат» ауылында дүниеге келген. Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент бөлімінің филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар Одағына 2001 жылы мүше болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді.
Өлеңдері 3 жинаққа енген, 4 жеке кітабы бар. Тұңғыш рет өлеңдері 21 жасында «Жыр додасы» - 1995 атты жинақта жарық көрді. 2006 жылы «Құбыла» жыр кітабы, 2012 жылы «Қазығұрттың қоңыры», 2017 жылы «Ақпарақ» кітабы жарық көрді.
Бақытжан Алдияр көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың, «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры әдеби сыйлығының жүлдегері, Республикалық М.Ғабдуллин атындағы сыйлықтың, ҚР Президенті тағайындаған арнайы стипендияның екі дүркін иегері. Сондай-ақ, Сорос қорының, Түркістан, «Серпер» жастар сыйлықтарының жүлдегері.
Б.Алдияр «ТұранӘлемБанкі» АҚ ұйымдастырған жазба ақындардың мүшайрасында екінші орынды алды.Сондай-ақ, Түркияның бүкілдүниежүзілік түркі жастары әдебиетін қолдау қорының сыйлығына ие болды.
2012 жылы Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталған.
Б.Алдияр Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарды.
2014-2018 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу