Алдияр Бақытжан

Асыл сөз


Еріп кетіп ғажабы көп ғазалға,
Керемет бір күнін кештім кедейдің.
Жұрт қатарлы шығар едім базарға,
Ұрпақ ертең нең бар десе не деймін?



Жаңаша өлең жазу үшін бір керім,
Ескіні де елеу керек екен.
Гәнжаудың ғазалында жүр м енің
Екі-үш жылда әзер тапқан теңеуім...



Жаным – жалын, жүрегім – от, ой да – алау



Түнерген қала, болармын түбінде бөтен,
Күмілжуменен сенде өткен күнім көп екен.
Қорғансыз ұлын қор етпес қордалы жұртым,
Қолыңа сенің су құйып, құлың боп өтем.



Жаныма ұйып мұң ұяң,
Жылағым кеп... жымиям.
Жібісеңші сен де енді,
Зарпы ойламай зымиян,
Ей, тасбауыр Дүниям!



Ғұмыр бойы жырлап өттім сені, еркем,
Арамызда бар жалғыз-ақ айырма –
...Ескеркіш сап еске алады ел ертең,
Саған теңеу таппай кеткен шайырға!



Өлілердің өресінен жоғары,
Өлеңімді жан түсінген жоқ әлі.



Бесіктен шыққан сүрлеуім
бейітке барып тірелер.



Аламанды аңсаған арғымақ –жыр,
Кісінейді кеудеңнің кермесінен.



Тіршіліктің алды - сағым, арты – елес,
Тірі ақынға қажеті жоқ мәртебе еш.



Бұл ғұмырым жұмағыңа бергісіз,
Жырсыз бір күн тұра алмас ем жұмақта.
Менің жырым Алматыға белгісіз,
Малшы ауылда жатқа айтады бірақта.
Еріп кетіп ғажабы көп ғазалға,
Керемет бір күнін кештім кедейдің.
Жұрт қатарлы шығар едім базарға,
Ұрпақ ертең нең бар десе не деймін?...



Жырымды жаттап жүрсе деп күні ертең әркім,
Күрсініс толы кеудемді мұң өртеді әр күн.



Көгілдір тау, көнбіс ел, көне мекен,
Көңілімде орының неге бөтен?!
...Шықсын десең алдымнан бағым дара,
Болам десең шын ақын – жаныңда да
Әппақ бір таң атуы керек екен.



Жалғызсыраймында жүрем үнемі. Шындап келгенде, бәріміз де жалғызбыз ғой. Жалғыз Қара Жердің бетіндегі миллиардтаған жалғыздар...



Қазақтан шыққан маған дейінгі ақын – жазушылардың бәрі дерлік – рухани әкелерім. Ақын өмірдің ащы – тұщысының  бәрін татып көрмесе, қайдан өлең жазады?



Ертең барлық дүниенің таразыға тартылар кезі келеді.



Сұлулыққа құмартып, бағалай білген жаман ба? Мен де жақсы көрем сұлулықты. Несін жасырайын, сұлу сұлу әйелдерді де бағалай білем.



«Шенді мен шекпендіге, әкім – қараларға жалтақтап, жаутаңдау біздің табиғатта жоқ.»



Сонау жетпіс жылдай құлдық құрығынан шыға алмай тұрған тұстарда, құрып кетудің аз-ақ алдында қалып, барлық салт – дәстүрін, ырым – тыйымын ұмытқан, ұлттық үрдістері түгіл, ұлттық бейнесі, жоғалып бара жатқан кезеңдерде қазақы болмысын, ұлттық ұстанымын жоғалтпай, елдігімізді Тәуелсіздіктің жағалауына сүйреп шыққан осы оңтүстік емес пе? Сондықтан кез келген қазақ оңтүстік дегенде алғыс сезіміне толы көзқарас танытуға міндетті.



Әркімнің өзіндік пікірі болуы шарт.



1  2  



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу