Жазушылар одағының тарихы
филиалының екі съезд аралығындағы ( ХІ-ХІІ) өткізген жұмыстары
2002 жылы ғұлама жазушылар Ғабит Мүсiреповтың, Ғабиден Мұстафиннiң 100 жылдығына байланысты ХҚТУ-нiң Шымкент институтында облыс әдебиетшiлерi қатысқан оқырмандар конференциясы болып өттi. 2002 жылы Қазақстан Жазушылар одағының кезектi ХII съезiне байланысты филиал әдеби кеңесiнiң мәжiлiсi болды. Онда съезге дайындық мәселелерi сөз болды. 2002 жылы жазушы Серiк Жанәбiлдiң 50 жасқа толу салтанаты облыстық Жастар сарайында аталып өттi. 2002 жылы бір топ жас ақындардың қолжазбалары талқыланып, олардың ішінен Тағайбаев Марат деген жас ақынның қолжазбасы баспаға берілді. 2002 жылы өзбек ақыны Ирисалы Жумановтың 60 жасқа толуына байланысты салтанатты кеш Ақсукенттегi мәдениет сарайында өттi. 2002 жылы ақын Кендебай Ахаттың қолжазбасы талқыланып, баспаға ұсынылды. 2002 жылы белгiлi жазушы-драматург Дулат Исабековтiң 60 жасқа толуы өлкемiзде кеңiнен аталып өттi. Драматургтiң пьесалары бойынша облыстық Ж. Шанин атындағы қазақ сазды драма театрында бiр ай бойы өнер фестивалi өттi. Өнер фестивалiне облыс әкiмi Болат Әбжапарұлы қатысып, жазушыға лайықты сый-сыяпат жасады. 2002 жылы дауылпаз ақын, мемлекет және қоғам қайраткерi Мұхтар Шахановтың 60 жасқа толу мерекесi облысымызда кең көлемде аталып өттi. 2002 жылы жоңғарға қарсы соғысқан атақты Орбұлақ шайқасының батыры Жақсығұл мерген туралы зерттеу еңбек талқыланды. Зерттеу еңбекті зерделеген Ә. Аймақ. Осы жылы «Жақсығұл мерген» атты кітап жарыққа шықты. 2002 жылы ақын Абай Ахметовтің қолжазбасы талқыланып, баспаға ұсынылды. 2002 жылы белгiлi әдебиет сыншысы, ақын Аян Нысаналының 60 жасқа толуы ақынның туған жерi Бәйдiбек ауданында аталып өттi. 2002 жылы Оңтүстiк Қазақстан облысының 70 жылдық мерейтойы болды. Осыған байланысты жазба ақындардың Мүшәйрасы өттi. 2002 жылы қоғам және мемлекет қайраткерi, ақын Қуаныш Төлеметұлының 60 жасқа толған мерейтойы аталып өттi. 2002 жылы ақын Қосжан Мүсiреповтiң 70 жылдығы Ордабасы ауданында аталып өтiп, ақынның өзi оқыған Бөржар маңындағы “Бiрлiк” ауылындағы мектепке Қосжан Мүсiреповтiң есiмi берiлдi. 2003 жылы Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте Жазушылар одағы ОҚ облыстық филиалы әдеби кеңесiнiң көшпелi мәжiлiсi өттi. Оған облыстағы өзбек қаламгерлерi қатысып, филиал жанынан өзбек әдебиетiнiң бiрлестiгi құрылды. Бiрлестiк басшылығына өзбек ақыны Әбдiрахым Пратов сайланды. Мәжiлiс жұмысына филиал директоры Әбiлда Аймақ, профессор Керiмбек Сыздықов көрнектi ақын-жазушылар Мархабат Байғұт пен Ханбибi Есенқарақызы қатысты. 2003 жылы өзбек жас ақындарының қолжазбалары талқыланып, Ибрагим Түркидің шығармалары баспаға ұсынылды. 2003 жылы Жетiсай қаласында қазақтың ақын қызы Ханбибi Есенқарақызының шығармашылық кешi өттi. Кешке Жетiсай қаласындағы оқу орнының басшылары, студент-жастар қатысты. Ханбибi ақынның шығармашылығы туралы филиал директоры Ә. Аймақ сөз сөйледi. 2003 жылы ақын Кендебай Ахаттың “Замана” атты өлеңдер жинағының тұсаукесерi өттi. Тұсаукесер рәсiмге ақын-жазушылар — М. Байғұт, С. Сахабат, Қ. Төретай, С. Қосалыұлылар қатысып, тұңғыш жинақ туралы өз пiкiрлерiн бiлдiрдi. Кештi филиал директоры Ә. Аймақ жүргiзiп отырды. 2003 жылы жазушы Шойбек Орынбайдың 50 жасқа толған мерей тойы Сарыағаш ауданындағы жазушы өзi оқыған мектепте өттi. Жазушының шығармашылығы туралы филиал директоры Ә. Аймақ сөз сөйледi. 2003 жылы көрнектi ақын Нармахан Бегалыұлының 60 жасқа толған мерей тойы Шымкент қаласындағы Ж. Шанин атындағы қазақ сазды-драма театрында өттi. Осы жылы ақынның қос томдығы жарыққа шықты. 2003 жылы ақын Смайыл Ыбырақұлының қолжазбасы талқыланып, баспаға ұсынылды. 2003 жылы жазушы Жұмабек Едiлбаевтың 80 жылдығы аталып өттi. 2003 жылы Түркiстан қаласында өзбек ақыны Ерназар Розметовтың 70 жасқа толу мерейтойы аталып өттi. Оған Ә. Аймақ, Қ. Ергөбек, Ә. Пратов және өзбекстандық жазушылар — Насыр Фазыл, Адыл Якубовтар қатысты. 2003 жылы майдангер-жазушы Әбжапар Жылқышиевтiң 85 жылдығы аталып өттi. Мерейтойға Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин қатысты. Осы жылы Ә. Жылқышиевтiң 4 томдығы жарыққа шықты. 2003 жылы Сарағаш қаласында жазушы Орынкүл Тәжиеваның 60 жасқа толған мерейтойы өттi. 2003 жылы Шымкент қаласындағы А.С. Пушкин атындағы кiтапханада облыс қаламгерлерiнiң бас қосуы болды. Оған облыс әкiмi Болат Жылқышиев пен Жазушылар одағының хатшысы Берiк Шаханов қатысты. 2004 жылы ҚРЖО ОҚО филиалы әдеби кеңесiнiң мәжiлiсi өтiп, онда Саттар Ерубаевтың 90 жылдығына, Сұлтанбек Қожановтың 110 жылдығына, Тұрар Рысқұловтың 110 жылдығына байланысты iс-жоспардың жобасы қаралып, бекiтiлдi. 2004 жылы Түркiстан қаласында С. Ерубаевтың 90 жылдығына байланысты ақындардың республикалық жыр конкурсы — мүшәйрасы болып өттi. Оған елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен келген 50-ден астам жас ақындар қатысты. Мүшәйраның бас жүлдесiн ақын Маралтай Ыбыраев иелендi. 2004 жылы Шолаққорған кентiнде Сұлтанбек Қожановтың 110 жылдығына байланысты мерекелiк iс-шаралар өттi. Осының аясында ақындардың мүшәйрасы ұйымдастырылып аудан әкiмi Созақбай Әбдiрасыловтың ұсынысы мен жазба ақындар жарысының бас жүлдесiне тұңғыш рет “Волга” автомашинасы тiгiлдi. Бас жүлденi жергiлiктi ақын Ескермес Жақсымбетов иелендi. 2004 жылы Түлкiбас ауданының орталығы Тұрар Рысқұлов кентiнде Т. Рысқұловтың 110 жылдығына байланысты мерекелiк мәдени-әдеби iс-шаралар өттi. Осы iс-шаралар аясында жазба ақындар конкурсы өтiп, сондай-ақ жазушылардың жақсы шығармалары сынға түстi. Осының артынша “Домалақ ана” қоры, Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ, ҚРЖО ОҚО филиалының ұйымдастыруымен Халықаралық ақындар айтысы өттi. Айтысқа Жүрсiн Ерман, Исраиыл Сапарбай, Ұлықбек Есдәулеттер қатысты. 2004 жылы Жетiсай қаласында ақын Әлiбек Мейiрбекұлының 60 жылдығы аталып өтiп, ақынның құрметiне жыр мүшәйрасы өттi. 2004 жылы Абай Ахметұлының «Боралдай бұлағы» атты жыр жинағының тұсаукесері болып өтті. 2004 жылы ақын Шалқар Әбiшұлы 60 жасқа толды. Ақынның мерейтойы өз туған жерi Бәйдiбек ауданында, Шымкент қаласында аталып өттi. Соңынан “Шалқар термесi” атты термешiлердiң республикалық сайысы өттi. 2004 жылы Дүние жүзi жас Түрiк жазушылар бiрлiгi, “Илесам” түрiк жазушыларының авторлық құқығын қорғау комитетi ұйымдастырған Физули атындағы түркi дүниесi ақындарының Халықаралық конкурсы өттi. Осыған байланысты Түркияның Анкара қаласында жүлдеге ие болған ақындар бас қосты. Анкарадағы түркi дүниесi ақындарының бас қосуына Қазақстаннан ақын Әбiлда Аймақ қатысып, Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. 2004 жылы Созақ ауданының Шолаққорған кентiнде ақын Өскен Бөрғазыұлының 60 жасқа толған мерейтойы, жазушы Өтеш Қырғызбаевтың 50 жасқа толған мерейтойы аталып өттi. 2004 жылы С. Ыбырақұлының «Қауырсын» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. 2004 жылы белгiлi ақын Әбiлда Аймақтың 50 жасқа толған мерейтойы аталып өттi. Ақынның шығармашылығы туралы профессор Мекемтас Мырзахметұлы баяндама жасады. Осы жылы Ә. Аймақ ҚР мәдениет қайраткерi атағын иелендi. 2004 жылы жазушы Мархабат Байұтқа “ҚР еңбек сiңiрген қайраткер” атағы берiлдi. 2004 жылы Шымкент қаласындағы А.С. Пушкин атындағы кiтапханада облыс қаламгерлерiнiң бас қосуы болды. Бас қосуда облыс әкiмiнiң орынбасары Әли Бектаев қатысып, сөз сөйледi. 2005 жылы Филиал әдеби кеңесiнiң мәжiлiсi болып, онда жылдық iс-жоспардың жобасы мақұлданып, бекiтiлдi. 2005 жылы қазақтың ақын қызы Ханбибi Есенқарақызының 55 жасқа толған мерейтойы өттi. Оған Жазушылар одағының басшыларымен бiрге Қазақстанның халық жазушылары Фариза Оңғарсынова, Қадыр Мырза-Әлi қатысты. 2005 жылы көрнектi жазушы Мархабат Байғұттың 60 жасқа толған мерейтойы туған жерi Түлкiбас ауданында, Шымкент қаласында аталып өттi. Оған облыс әкiмi Б.Ә. Жылқышиев, Жазушылар одағының басшылары, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза, танымал жазушы Бексұлтан Нұржеке қатысты. Жазушының шығармашылығы туралы көрнектi жазушы-драматург Дулат Исабеков баяндама жасады. 2005 жылы Қазақстан Жазушылар одағының 70 жылдық мерейтойы Алматы қаласында өттi. Оған филиал директоры Ә. Аймақ қатысты. 2005 жылы Түркiстан қаласында 1935 жылы сол кездегi Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Iлияс Жансүгiров ленинградтық жазушыларды қарсы алған. Сол игi дәстүрдiң 70 жылдығына байланысты Түркiстандағы темiр жол бекетiне ескерткiш-тақта қойылды. Ескерткiш-тақтаны қою рәсiмiне жазушының қызы Ильфа мен Ұлы Болат және Ленинград жазушылар одағының басшылары қатысты. Жиында Түркiстан қаласының әкiмi М. Әлиев пен филиал директоры Ә. Аймақ құттықтау сөз сөйледi. 2005 жылы жазушы Мархабат Байғұттың 4 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 2005 жылы жазушы Еркiнбек Тұрысовтың 4 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 2005 жылы Шымкенттегi Абай ескерткiшiнiң түбiнде Ұлы ақынның 160 жылдығына байланысты поэзия кешi өттi. 2005 жылы Шымкентте белгiлi қазақ қаламгерлерi Қадыр Мырза Әли мен Ролан Сейсенбаевтың оқырмандармен кездесуi болып өттi. 2005 жылы жазушы Әбжапар Жылқышиевтің қолжазбалары талқыланып, ол кітап болып жарыққа шықты. 2005 жылы жазушы ӘдіҺам Шілтерхановтың шығармалары талқыланып, «Ордабасы» баспасына ұсынылды. 2005 жылы Кентаудағы «Қаратау тәжі» атты әдеби бірлестік мүшелерінің қолжазбалары талқыланып, баспаға ұсынылды. Бірлестік жетекшісі ақын Р. Балабиев. Қолжазбалар «Қаратау тәжі» деген атпен Алматыдан жарыққа шықты. 2005 жылы Еркiнбек Тұрысов Халықаралық “Алаш” сыйлығын иелендi, сондай-ақ жазушы “Оңтүстiк Қазақстан облысының Құрметтi азаматы” атағын алды. 2005 жылы ақын Нармахан Бегалыұлы “Құрмет” орденiмен, ақын Әбiлда Аймақ пен Дулат Тұрантегi Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен” наградталды. 2005 жылы Ордабасы ауданының орталығы Темiрланда көрнектi ғалым Бейсенбай Кенжебаев пен көрнектi балалар ақыны Өтебай Тұрманжановтың 100 жылдығы аталып өттi. Оған ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаттары — ғалым 2006 жылы ақын-жазушылар Р. Балабиевтің, Е. Қойбағарұлының, Қ. Төретайұлының кітаптары талқыланып, Халықаралық «Алаш» сыйлығына ұсынылды. 2006 жылы Қазақстан Жазушылар одағы ОҚО филиалының құрылғанына 70 жыл толуына байланысты өмiрден өткен ақын-жазушылар әруақтарына бағыштап облыс қаламгерлерi өз қаражаттарына ас берiп, Хатым-Құран түсiрдi. 2006 жылы ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 160 жылдығына орай облыста республикалық ақындар айтысы өттi. 2006 жылы Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының 70 жылдығы аталып өтті. 2006 жылы Кентау қаласында ақын Рахым Балабиевтің 70 жылдығы аталып өтті. Оған Алматыдан Әбсаттар қажы Дербісәлиев қатысты. 2006 жылы ақын Өмірбай Сәуірбаевтың 60 жылдығына байланысты «Аманат» атты жыр жинағы жарық көрді. Түркістан қаласында Өмірбайдың 60 жылдығына орай республикалық жыр мүшәйрасы өтті. Оған филиал директоры Әбілда Аймақ, Астана мен Алматыдан Қасымхан Бегманов, Темірхан Медетбек, Алдан Смайылов, Мереке Құлкенов қатысты. Мүшәйраны Түркістан қаласының әкімі Әли Бектаев ашты. Бас жүлдені Бақытжан Алдияр иеленді. 2006 жылы жазушы Әдіһам Шілтерхановтың ІІІ томы «Ордабасы» баспасынан жарыққа шықты. 2006 жылы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йасауидің мұрасын одан әрі игеру мақсатында «Йасауи оқулары» болып өтті. Оған Әбілда Аймақ, Ханбибі Есенқарақызы, Нармахан Бегалыұлы қатысты. 2006 жылы Сайрамда Өзбек қаламгерлерінің бас қосуы болып, онда аударма мәселесі сөз болды. Қазақ ақын-жазушыларының өзбек тіліне аударылуы сөз болды. Ұсынылған шығармалар талқыланды. Оған Әбілда Аймақ қатысты. Жазушы Ерсін Қойбағарұлының әңгімелер мен повестер жинағының өзбек тілінде жарық көруінің тұсаукесері болды. 2006 жылы Сарыағаш қаласындағы Т. Айбергенов атындағы әдеби бірлестік мүшелерінің қолжазбалары талқыланып, баспаға ұсынылды. Бірлестік жетекшісі ақын Мұрат Бекей. Қолжазба «Сарыағашым – сырлы өлкем» деген атпен жарық көрді. 2006 жылы жазушы Уәлихан Сүлейменовтің 70 жылдық мерейтойы өтті. 2006 жылы Шардара қаласында үлкен әдеби мереке болып өтті. Осы мерекенің аясында республикалық жыр-мүшәйра ұйымдастырылды. Мүшәйраның бас жүлдесін Қасымхан Бегманов иеленді. 2006 жылы жазушы Ерсін Қойбағарұлына әскери тақырыптағы шығармалары үшін А. Фадеев атындағы әдеби жүлде беріліп, Мәскеуде сыйлықтың алтын медалі қоса тапсырылды. 2006 жылы «Ордабасы» баспасынан Е. Қойбағарұлының ІІІ томдығы жарыққа шықты. 2007 жылы сарыағаштық ақын Мұрат Бекейдің облыс орталығындағы А. Пушкин атындағы орталық кітапханада шығармашылық кеші өтті. 2007 жылы А. Байтұрсынов атындағы орта мектепте ақындар Ә. Аймақтың, Роза Тұрдалиеваның, Нұрхан Сұлтанбайұлының, қытайдан келген Ұларбек ақынның шығармашылық кеші өтті. 2007 жылы Пушкин атындағы кітапханада жоғары оқу орындарының әдебиетші-ғалымдары, кітапханашылар, ақын-жазушылар, баспасөз өкілдері қатысқан мәжіліс өтті. Мәжілісте өздерін өзі ақынмын деп түкке алғысыз кітап жазып, оны таратып жүрген «Айып-Нұр» деген атпен кітап шығарып жүрген, Айыпберген Балтабайұлының кітаптары талқыланды. Мәжіліс Айыпбергеннің шығармалары қоқысқа тасталатын шығармалар екенін айтып, қаулы қабылдады. 2007 жылдан бастап облыс әкімінің өкімімен Қазақ жазушылары топ-тобымен Шымкентке келіп, оқырмандармен кездесулер өткізе бастады. 2007 жылы Ж. Шанин атындағы облыстық драма театрында жазушы Мархабат Байғұттың «Бозторғайдың ұясы» атты ауған соғысы ардагерлерінің өмірінен алынған пьесасының премьерасы болып өтті. 2007 жылы жазушы Мархабат Байғұттың Желтоқсан оқиғасынның 70 жылдығына байланысты «Жоғалған жұрнақ» атты пьесасының премьерасы қойылды. Пьесаны қойған Шымкент университетінің оқытушысы, ақын, екі жыр жинағының авторы Роза Тұрдалиева. 2007 жылы облыстық Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен облыс жастары мен ақын-жазушылардың кездесуі өтті. Оған ақындар Әбілда Аймақ, Кендебай Ахат, Сәрсенбек Сахабат қатысты.
Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан
облыстық филиалының директоры
Әбілда Аймақ.