Тұрысов Еркінбек

Өмірдерек


Жазушы Еркінбек Тұрысов 1927 жылы 12 қазанда Бәйдібек ауданындағы «Талдыбұлақ» ауылында туған. Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген,тарихшы.Ұлы Отан соғысы жылдарында 13 жасынан еңбекке араласқан ол 1944-55 жылдары облыстық Ішкі Істер Басқармасында қызмет атқарған. Осыдан кейін «Оңтүстік Қазақстан» газетінде журналистік салада еңбек етті.1968 жылдан 1978 жылға дейін аудандық «Алғабас» газетінің редакторы болды. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласатын жазушы, Бәйдібек-Сыланды қорының төрағасы болды. Жазушының «Келіншектау», «Ақбақай», Қыран тауы», Құралай жолы», Түндер»,Темірлан»,Бәйдібек» деген кітаптары бар. Темірлан» романы орыс тіліне аударылып басылған. Ол «Бәйдібек», «Қош көгілдір керуен», «Қайран Сәкен», «Кемеңгердің Керуені», «Нұржаудың нұрлы түндері», «Алыста қалған», «Досовтың соңғы күндері», «Темірқазық», «Бұлантыдағы ұлы күн», «Талдының тұнық сулары», «Тағдырдың сыйлығы», т.б. эссе,хикаяттардың авторы.
Е.Тұрысов Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. 1976 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы. 1977, 1987 жылдары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Алыста қалған» повесі үшін (орыс тілінде) 1995 жылы «Славян мәдениетінің мың жылдығы» халықаралық байқауының алғашқы сыйлығын, 2005 жылы «Шығыстың шоң ұлдары» шығармасы үшін халықаралық «Алаш» сыйлығын алған. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының құрметті азаматы. 2020 жылы 3 қаңтарда 93 жасында қайтыс болды.