Өмірдерек
Нұрғиса Төремұратов 1975 жылы дүниеге келген. Түркістан облысы, Сайрам аудандық «Мәртөбе» газетінің редакторы. Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
2004 жылы ОҚО «Үш бәйтерек» мүшәйрасының бас жүлдегері. 2006 жылы Арал қаласында өткен республикалық мүшәйраның 2-орын жүлдегері, 2012 жылы Астанадағы және ұлт мақтанышы Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған Қызылордадағы, Түркістандағы С.Ерубаев мүшәйраларының жүлдегері. 2007 жылы Баянауылда өткен жас қаламгерлердің республикалық I форумының делегаты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жарық көрген ОҚО ақын-жазушыларының туындылары топтастырылған «Тәуелсіздік тебіреністері» жинағына өлеңдері енген. 2022 жыл Түркістан облысында «Үздік журналист» атанған. 2024 жылы «Бақытым сенсің-Түркістан» облыстық мүшәйрасының 2-орын жүлдегері. «Самала» (Шымкент-2007), «Көңіл көкжиегі» (Алматы-2013) атты өлеңдер жинағы, бар. Өзбекстан жазушысы Миркарим Осимнің «Томирис», Машрап туралы, Увайсий ақын туралы хикаяларын, өзбек ауыз әдебиеті лапарларін қазақшаға аударған.
2021 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.