Сарыбаев Қаныбек

Туындылары


ӨМІР

Жар салып жалған саған күліп келдім,
Қайрылмас қанат етіп үміт бердің,
Алғы күн ағараңдап шақырды да
Уақытқа қарғып мініп жүріп бердім.

Мен де бір қонағыңмын, тұрақтаман,
Барымды беріп кетем – жыр ақтарам,
Төсіңе жұлдыз болып қадалайын,
Бергейсің жалыныңды бірақ маған!