Сарыбаев Қаныбек

Туындылары


ТҮРКІСТАН

Тынысы өзің ғана жүрегімнің,
Түркістан, құшағыңа күле кірдім.
Өмірмен таныстырған, табыстырған
Мені де мынау кербез гүл өңірің.

Толтырдық төрт түлікке Сыр жағасын,
Тау үйіп «ақ алтынан» жүр нағашым.
Дүбірлі еңбегінен достарымның
Сарқылмас сыр табасың, жыр жазасын.

Қыземшек, аппақ жұмыр мақтаң қандай,
Алмасы уылжыған бақтар қандай.
Түркістан байлығыңды жайып салсақ,
Дүниенің қақ жартысын қаптағандай!