Сарыбаев Қаныбек

Туындылары


СЫР

Дүниеге адам боп көрінген күн,
Жанға көнбей іңгәлап егілгенмін.
О, достарым азғантай өмірімде
Талай жылап, талай мен көңілдендім.

Қара жерге жан әкем көмілген күн,
Ыстық жас боп еденге төгілгенмін.
О, достарым, азғантай өмірімде.
Талай жылап, талай мен көңілдендім.

Анам бізден алыстап, бөлінген күн...
Қала берді мөлтілдеп көзімде мұң.
О, достарым, азғантай өмірімде
Талай жылап, талай мен көңілдендім.