Туындылары
ОН САУСАҚ
Бір деген – антың,
Екі деген – салтың.
Үш деген – дінің,
Төрт деген – тілің.
Бес деген – білім,
Алты деген – ілім.
Жеті деген – жерің,
Сегіз деген – елің.
Тоғыз – ана-атаң,
Он деген – Отан.
Бұзылмасын батаң,
Бағдаршам бұл қатаң.
Санап көріп саусақ,
Ойлан енді ботам!